Шиелі кентінде 2025 жылдың 13-20 тамыз аралығында Жайлыбаев көшесінде күрделі жөндеу жұмыстары, сондай-ақ Яссауи мен Дәулеткерей көшелерінде жол жамау жұмыстары жүргізіліп жатр, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Аталған көшелерде көлік қозғалысы кезінде уақытша қолайсыздықтар туындауы мүмкін. Осыған байланысты түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Жөндеу жұмыстары тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз жол инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылуда.