522994752 2092440994619682 4417390422005820937 nplaceholder

Жол сапасын арттыру жұмыстары қарқынды жүруде

Шиелі ауданында автомобиль жолдарын жаңғырту және ауылішілік жолдардың сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков баяндады.
— Аудан аумағында 323 шақырымнан астам автомобиль жолы бар. Оның 80 шақырымы республикалық, 98 шақырымы облыстық, ал 145 шақырымы аудандық маңызға ие. Қазіргі таңда аудандық маңызы бар жолдардың басым бөлігі — шамамен 90 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. «Самара–Шымкент» трассасының 8 шақырымын қайта құру жұмыстары жалғасуда, ал биылғы жылы осы бағыттағы жұмыстарға республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Сонымен қатар, «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 ауылдық округтегі ұзындығы 24 шақырымнан астам 29 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан бөлек, аудан орталығындағы бірқатар көшелерді асфальттау және ауылішілік жолдарға қиыршық тас төсеу жұмыстары жоспарға сай орындалуда. Біздің басты мақсат — тұрғындар үшін қолайлы жол инфрақұрылымын қалыптастыру, — деді аудан әкімі.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

13 + 18 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар