462084887 834352358886010 1535017004859314327 nplaceholder

Жол құрылысы аймақ басшысының тікелей бақылауында

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы “Қорқыт ата әуежайының” терминалына дейінгі автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмысымен танысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Мердігер «Қыран» ЖШС “Сырдария” өзені арқылы өтетін көпірден әуежайға дейінгі ұзындығы 13,5 шақырым, ені 14 метрлік жолды бір жылда салып бітіруді жоспарлаған. Төрт қабатты жол жабындысы төселген соң, жарықшамдар мен аялдамалар орнатылуда. Құрылыстың сапалы жүргізіліп, мерзімінде пайдалануға берілуін тапсырған аймақ басшысы бұл жолдың халықаралық стандартқа сай жаңарған әуежайға лайықты болуын басты назарда ұстауды ескертті.

Қызылорда облысы аумағындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3580,5 шақырым, оның 1014,5 шақырымы республикалық, 555 шақырымы облыстық, 2011 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар.

Биыл жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен 43,3 млрд. теңге бөлініп, 300 шақырымға жуық автомобиль жолдары, көшелер және көпір өткелдері жөндеуден өткізілуде.

Өткен жылдың қорытындысымен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесі 87,5%-ға жеткізілді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында облыстағы жол саласын дамытуға республикалық бюджетке 61,1 млрд теңгенің 101 жобасы ұсынылды.

Биылға нақтыланған 51 жобаның 17,3 млрд теңгесі қолдау тауып, индикаторлық көрсеткішті 92 %-ға жеткізу межеленген.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 × четыре =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар