Жол апатынан 4 адам мерт болды

5d837a3038202 1 1

Жол апатынан төрт адам қаза тауып, тағы екі адам қатты жарақат алды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

БҚО Полиция департаментінің ақпараты бойынша, қайғылы жағдай 22 маусым күні Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылының маңында болған.

43 жастағы «Лада Приора» жеңіл көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа өтіп кетіп, «Мазда» автокөлігімен соқтығысқан. Екі жүргізуші мен екі жолаушы сол мезетте қаза тапқан. Тағы екі жолаушы қатты зардап шеккен.

Бүгінде аталмыш дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша соталды тергеу басталды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пять × 2 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар