454471549 795687376085842 8478296339160611889 nplaceholder

Жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Баймановтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Жиында облыс әкімі – кеңес төрағасы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес жастар мен жас отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оның ішінде, білім алу мүмкіндігін кеңейту, кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, жұмыспен қамту мәселелері қаралды.

Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы және жұмыссыз жастар санын азайту бағытында аймақта атқарылған істер есебі тыңдалды.

Кеңес отырысына қатысқан жастар ұйымдары өкілдері мен басқа да сала мамандарының ұсыныстарын негізге алып, жүйелі іс-шаралар атқару қажеттігі айтылды.

Жиын қорытындысында мүдделі орган басшыларына жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды кең көлемде насихаттау, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру тапсырылды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 × два =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар