529830015 2107167286480386 2773392012418937760 nplaceholder

«Жастарға сенім – елге серпін» атты мерекелік кездесу өтті

Халықаралық жастар күніне орай аудан әкімі Айтбай Жандарбеков ауданның белсенді жастарымен ашық форматта кездесу өткізді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Шиелі ауданында 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны – 27 545 адам, яғни аудан халқының 30,2 пайызын құрайды. Бұл – ел болашағы саналатын жастардың әлеуеті жоғары екенін көрсетеді.
 
Жыл басынан бері Мансап орталығына жүгінген 608 жасқа мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылды. Оның ішінде 259 жас тұрақты жұмысқа орналасса, 349 жас жұмыспен қамту бағдарламаларымен қамтылды.
 
Сондай ақ, волонтерлік бағытта «Біз біргеміз – Шиелі» және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының еріктілері белсенді қызмет көрсетіп келеді.
 
Кездесуде аудан әкімі Айтбай Жандарбеков жастарды Халықаралық жастар күнімен құттықтап, білім, спорт, мәдениет салаларында ерекше көзге түсіп, белсенділік танытқан жастарға Алғыс хаттар табыстады.
 
Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил мен аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев та сөз сөйлеп, ел ертеңі саналатын жастарға ізгі тілектерін арнап, сәттілік пен серпін тіледі.
 
Сонымен қатар, түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар мен жұмысшы жастар да марапат төрінен табылып, құрметке ие болды.
Мағжан Жұмабаевтың: «Мен жастарға сенемін!» деген үміті – бүгінгі жастардың белсенділігі мен ел дамуына қосқан үлесі арқылы шындыққа айналуда.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четыре × четыре =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар