"Жанымда бол деп айтар едім": Мөлдір Әуелбекованың жазбасы желідегілерді ойландырып қойды

Молдир Ауелбекова Азаттық-Ньюс

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желідегі жазбасымен оқырмандарын ойлантып қойды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Өнер иесі жуырда жарыққа шыққан “Жанымда бол” әнінен үзінді салды. 

Мөлдір Әуелбекова бұл жолы тағы да жеке өмірі туралы айта кетті. Өнер иесі бұл әннің сөздерін сүйіктісіне айтқысы келетінін жасырмады.

Алайда өнер иесі ғашығын әлі де жолықтырмаған екен.

“Мен дәл қазір жігітіме “Жанымда бол!” деп айтар едім! Бірақ, ол әлі жоқ”, – деген жазба қалдырды ол Instagram-дағы парақшасында.

Желі қолданушылары өнер иесінің бұл сөздерін қызу талқылап, түрлі пікір білдірді. “Екі рет тұрмыста болып, жігітім жоқ деп айту ұят секілді”, “Мен бұл сөздерді ұлыма айтар едім”, “Жүректерге иман нұры құйылсын. Армандар орындалсын. Биыл шынымен мәңгілік жанымда бол дейтіндей азаматқа тән иманды жігіт бұйырсын”, “Бізді алдап қоятын сияқты. Мөлдірдің сүйіктісі бар секілді”, “Махаббат тақырыбын көп қозғап жүр. Соған қарағанда ғашығын жолықтырған-ау”, – деп жазуда көпшілік. 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

три × один =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар