Көпшілікке “Жаңбыр адам” атымен танымал болған Алтай Айнабеков Қазақстан Үкіметіне ескерту жасады, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Ол Экология министрлігі мен Қазгидрометке ескерту жасағанын мәлімдеді.
“Экология министірі мен Қазгидромет өз райынан қайтпаса, биыл жауын тоқтамайды. Диқандардың биылғы еңбектері мен табысы сол кісілердің ұятында болсын енді! Жоғарыдағы лауазым иелері, үнсіз отыра берсеңіздер, жұмыстарды жасай беруге мәжбүр боламыз! Ресми хат жолдадық, қашанға дейін жұмыс жасайық? Жауын-шашын үдей береді, зиян болмасын!” – деп жазды Алтай.