Жаңа жылу-электр орталығының құрылысында 600-ге жуық адам жұмыс істеуде

Жаңа жылу-электр орталығының құрылысында 600-ге жуық адам жұмыс істеудеplaceholder

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласының құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын тексерді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Алдымен меценат «Болат Өтемұратов қоры» демеушілігімен салынған жаңа әуежай терминалының айналасын абаттандыруды, кіреберіс жол құрылысын көрді.

Жергілікті әкімдік нысанға инфрақұрылым жүргізуде. Ұзындығы 13,5 шақырым, ені 14 метр жолды мердігер «Қыран» ЖШС қайта жаңғыртуда. Жол бойына 848 жарықшам орнатылады. Қазір 3,3 шақырым асфальт төселіп, электр желісі тартылуда.

Бүгінде жаңа жылу-электр орталығының құрылыс алаңында 600-ге жуық адам және 60 техника жұмыс жасауда. Нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі. «AKSA Energy» түрік компаниясының инвестициясы тартылған жаңа ЖЭО 240МВт электр қуатын өндіре алады.

Мұнан әрі облыс әкімі сол жағалаудағы жайлы мектеп құрылысын көрді. 900 орындық мектеп өткен жылы басталған, биыл пайдалануға беріледі.

Жалпы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен облыста 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу жоспарланған. Биыл 6 900 орындық 10 мектеп, алдағы жылы 5 400 орындық 11 мектеп пайдалануға беріледі. Облыс әкімдігі оларға инфрақұрылым жеткізуге жергілікті бюджеттен 118,4 млн. теңге бөліп, жоба-сметалық құжаттары әзірленді, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Инфрақұрылым жүргізуге жергілікті бюджеттен 1,7 млрд. теңге бөлінді. Биыл құрылысы басталатын 11 мектептің жер телімдері белгіленіп, «Самұрық-Қазына Констракшн» акционерлік қоғамына наурыз айында табысталды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один × два =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар