Жамбыл облысы, Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов бастаған делегация Шиелі ауданына арнайы іс-сапармен келді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Іс-сапар аясында делегация мүшелері «Руханият» орталығы ғимаратының қызметімен танысып, оның мүмкіндіктерін жоғары бағалады.
Жалпы құны 1,6 млрд теңге болатын бұл заманауи мәдениет және қоғамдық кеңістік ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар ресурстық орталығы, ардагерлер мен аналар үйі, қоғамдық кеңес және үкіметтік емес ұйымдар белсенді жұмыс жасауда.
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков делегацияны жылы қарсы алып, қос аудан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жайын сөз етті.
Өзара тәжірибе алмасу мен серіктестікті арттыру бағытында пікірлер ортаға салынды.