c5e5a892 90a8 4afb aa91 5a97df883720placeholder

Жамбыл облысында полицей өз-өзіне қол жұмсады

Марқұмның денесі кеше кешкі уақытта Тараз қаласынан бес шақырым жердегі Жасөркен ауылында табылды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” ақпараттық агенттігі.

Аудандық электр станциясының күзет бекетінде 2003 жылы туған полицияның кіші сержанты өз-өзіне қол жұмсаған. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, арнайы қызметтік қамтамасыз ету басқармасының қызметкері Макаров тапаншасымен өзін басынан атып жіберген. 

Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің басшылығы, арнайы қызметтік қамтамасыз ету басқармасының өкілдері және жедел-тергеу тобы келді. 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

Фото: Orda

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

10 + 15 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар