Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жермеңкесі өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Жалағаш ауданының 85 жылдық мерейтойы және «Алтын күз – 2024» мерекесі аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жаздай еңбек етіп тер төккен диханшы қауым ел ырысын молайтты.
Жәрмеңкеде ауданнан 65 автокөлікпен өнімдер әкелінді. Жәрмеңке барысында 200 тн азық-түлік өнімдері және мал азықтық жем-шөп өнімдерінен 7,5 тн мал азығы аудан тұрғындарына ұсынылды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы базар бағасынан 15-20 пайызға төмен.
ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ 85 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ЖӘНЕ «АЛТЫН КҮЗ – 2024» МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН АТ БӘЙГЕСІ ӨТТІ.
Жүйріктен жүйрік озған «Аламан» бәйге кіл мықтылар мен ерекшеленді. Желмен жарысқан тұлпарларды шаң бастырып І орын иеленген сайгүлік «Белтұран», Бердібек Мықановтың баптауындағы тұлпар. ІІ орын иеленген тұлпар «Спартак», Қазалы ауданы. ІІІ орынды «Айқабақ» сайгүлік иеленді.