Қапшағайда демалыс орнында жоғалып кеткен жасөспірім табылды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Бұл жөнінде ҚР ТЖМ Баспасөз қызметі Телеграмдағы ресми арнасында жариялады.
“Жедел-құтқару жасағының күшімен жоғалған қыз табылып, ата-анасына берілді. Балаға медициналық көмек қажет болмады. ТЖМ ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады”, – деді ведомствода.