Зейнеткерлерді өлтіріп, үйімен қоса өртеп жіберген адам ұсталды
Өртеніп кеткен үйдің ішінен екі адамның денесі табылған, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, алдымен адамды өлтіріп, кейін үйін өртеп жіберген.
Оқиға Алматы облысында болған.
Полиция осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір адамды ұстады. Қазірде оған кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
“Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстың себебі ұрыс-керіс пен араздық болған. Басқа да мән-жайлар анықталуда”, – дейді полицейлер.