Қызылордалық жедел жәрдем – жеңіс төрінде

Azattyq-news
0 Min Read

Ақтауда 17–19 қыркүйек аралығында өткен халықаралық жедел жәрдем бригадаларының республикалық чемпионатында Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының командасы үлкен жетістікке жетті.

Кеңейтілген реанимация бағдарламасы бойынша өткен сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Әзірбайжан, Ресей, Беларусь елдерінен барлығы 23 команда қатысқан.

Нәтижесінде қызылордалық бригада кәсібилігімен дараланып, жүлделі І орынды иеленді.

Бұл жеңіс – аймақ медицинасының беделін арттырған қуанышты жаңалық.

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру