Қызылордалық Аружан Алмасбек әлемдік додада бірінші орынды жеңіп алды

Қызылордалық ару өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлемдік додада топ жардыplaceholder

Қызылордалық ару әлем чемпионатында ел намысын қорғап, бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Алматыда 12-17 тамыз аралығында өрт сөндіру-құтқару спортынан жігіттер, қыздар және жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті. Турнирге Қазақстан, Ресей, Беларусь, Болгария, Словакия және Чехия құрамалары қатысты.

Спортшылар әр түрлі жарыстар бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

Чемпионат төрт бағыт бойынша өтті, олардың екеуі жеке біріншілік болса, екеуі – команда боп сайысқа түсу.

Бірінші бағыт – оқу мұнарасының терезесіне баспалдақтармен көтерілу.

Екіншісі – кедергілері бар жолақтың 100 метрін еңсеру.

Үшіншісі – 4х100 метрлік өрт сөндіру эстафетасы.

Төртіншісі – өрт сөндіру мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю.

Аталмыш чемпионатқа Аружан Алмабек республиканың атынан қатысып, ел мерейін асқақтатты. 

Қызылордалықтар темір жол вокзалы маңынан спортшы қызды жылы лебізімен қарсы алып, қошемет көрсетті.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один × четыре =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар