Қызылордада жолайрық жолына күрделі жөндеу жүргізілуде
Қызылордада жолайрық жолына күрделі жөндеу жүргізілуде, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Аймақ басшысының бастамасымен халықтың қажеттілігіне сай жобалар сәтті жүзеге асуда. Сондай маңызды жұмыстардың бірі – «Қызылорда-Құмкөл» автожолындағы көлік жолайрығында да атқарылуда. Ауқымды шаруаны «Қыран» ЖШС мекемесі жүргізуде.
Жөндеуден өтетін жолдың жалпы ұзындығы 5 шақырымды құрайды.