Қызылордада тұрғындарды алдап, 35 миллион теңгені қолды қылғандар ұсталды

Қызылордада тұрғындарды алдап, 35 миллион теңгені қолды қылғандар ұсталдыplaceholder

Қызылорда облысында 17 рет алаяқтық жасап, тұрғындардың 35 миллион теңгесін қалтаға басқан екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Алаяқтық жасады деп ұсталған адамдар мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алуға көмектесемін деп тұрғындардың ақшасын алдап, алып отырған. 

Мәселен, полицияға жәбірленушілердің бірі арызданып, алаяқтар несие алуға көмек беремін деп одан 7 млн теңге көлемінде қаражат алғанын айтқан.

Бүгінле аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Қызылордалық полиция қызметкерлері ұсталған күдіктілердің облыс аумағында жасалған осыған ұқсас алаяқтықтың 17 фактісіне қатысы барын анықтады. Жалпы келтірілген материалдық шығын 35 миллион теңгеден асқан. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қызылорда облысы полиция департаменті қаржылық және басқа да заңды маңызы бар келісім жүргізу кезінде қырағы болуға шақырады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пятнадцать − одиннадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар