Қызылордада су жүйесіне арналған Telegram-бот іске қосылды

Azattyq-news
1 Min Read

Қызылорда қаласының тұрғындары үшін қолайлы жаңа қызмет қолданысқа енгізілді. Енді «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің арнайы Telegram-бот каналы арқылы тұтынушылар өздерінің ауыз суға байланысты берешегі бар-жоғын немесе артық төлем жасағанын онлайн режимде тексере алады. Сонымен қатар, абоненттерге алыс-беріс актісін де осы сервис арқылы көруге мүмкіндік берілген.

Жаңа жүйені пайдалану үшін тұрғындар алдымен ұялы телефондарына Telegram мобильді қосымшасын орнатып, арнайы логин не QR-код арқылы «Қызылорда су жүйесі» Telegram-ботына қосылады. Осылайша бірнеше минут ішінде қажетті ақпаратқа қол жеткізуге болады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы өз Жолдауында барлық салада цифрландыруды кеңейту және жасанды интеллект элементтерін енгізу жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Осы бағыттағы бастаманың бірі ретінде «Қызылорда су жүйесінің» цифрлық сервисі азаматтарға ыңғайлы жағдай жасап, уақытты үнемдеуге және жедел ақпарат алуға жол ашады.

Цифрландырудың игілігін күнделікті тұрмыста сезінген тұрғындар бұл қызметті жоғары бағалап, мекеменің жұмысына оң пікір білдіруде. Жаңа сервис алдағы уақытта халықпен кері байланыс орнатудың тиімді құралына айналмақ.

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру