Қызылордада құрылыс қарқынды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Оған қаланың сол жағалауындағы серпіліске толы іргелі істер куә. Азаматтардың өмір сүру сапасының озық көрсеткіші – тұрғын үй жайлылығының деңгейіне байланысты десек, мұндағы 5 қабаттан тұратын 10 тұрғын үйдің құрылысына ерекше тоқталуға тура келеді. Заманауи сәулет үлгісіндегі үйдің барлығы 40 пәтерлі және домофон, бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.
Тұтынушыға ұсынатын пәтерлердің жалпы аумағы 1457,6 шаршы метрді құрайды.
Бұл үйлер жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.