Қызылордада полицейлер 2 жарым ай бойы іздеуде жүрген ер адамды анасына табыстады, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.
Полиция қызметкерлері қала орталығында жүрген ер адамды тоқтатып, төлқұжаты жоқ екенін анықтаған.
Осылайша құжатсыз жүрген кісіні тұрақты мекенжайы мен құжаттары жоқ адамдарды қабылдау-тарату орнына орналастырған. Одан соң туған-туыстарын іздеген.
Ер адамды Жамбыл облысының Қордай ауданында қарт ата-аналары іздеп жатқандығы белгілі болды.
Жоғалған адамның анасы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.