460711296 2094809720914529 9123744554331247168 nplaceholder

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Қызылордада халықпен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Жұмаханұлы Қызылордаға іссапармен келіп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сыр өңірі жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Дархан Жұмаханұлы халықпен кездесуде 2024 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін таныстырып, алдағы жоспарларды баяндады.

“Биыл мемлекеттік грант саны 93 952 құрап, шәкіртақы көлемі бакалавриат 20 пайызға, магистратура, докторантура бойынша 15 пайызға артты. Сонымен қатар, өзекті мәселелердің бірі жатақхана құрылысы кезең-кезеңімен шешімін табуда. Қазіргі таңда 10 576 орындық 27 жатақхананың құрылысы жүруде. Бұдан бөлек, елімізде 9 шетелдік жоғары оқу орнының филиалы ашылды”, – деді вице-министр.

Дархан Жұмаханұлы еліміздегі жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған жұмыс жоспарына тоқталды.

Кездесуден кейін жеке қабылдау ұйымдастырылды.Вице-министр ғылым мен жоғары білімге қатысты негізгі мәселелер бойынша өтініштер мен ұсыныстарды тыңдап, сұрақтарға жауап берді.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

двадцать − 18 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар