464199684 963671685798468 5934239040795786214 nplaceholder

«Құқықтық көмек» жобасы аясында тақырыптық қабылдау өтті

Бүгін партияның облыстық филиалында тұрғындарға заңгерлік көмек көрсету бойынша «Құқықтық көмек» партиялық жоба аясында тақырыптық қабылдау өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қабылдауды ҚР ЕХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің облыстық департаментінің бөлім басшысы Б. Досымов және «Бітім» медиация орталығының кәсіби медиаторы, заңгер Қ. Рашов өткізді.

Тақырыптық қабылдауда азаматтар жеке сот орындаушылардың Атқаршу парақ бойынша өндіру жұмыстарын жүргізбеуі, еңбек қатынастары бойынша төлемдерді өндіру, есептік және экологиялық төлемдерді төлеу заңдылықтары бойынша кеңестер сұрады.

Сала мамандары барлық келушілерге кеңес беріп, заң нормаларын түсіндірді. Сот тәртібімен және соттан тыс медиация тәсілімен шешу жолдары айтылды.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

18 − одиннадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар