Үкімет 1 наурыздан бастап Қазақстандағы уақытты есептеудің бірыңғай уақыт белдеуіне көшуін бекітті
“Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы” Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00.00-ден бастап елдің барлық аумағында бірыңғай уақыт белдеуін қолдану белгіленеді. Осылайша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылатын болады. Өзгерістерге сәйкес Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдіктері 1 наурызға қараған түні сағат 00.00-де жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа ауыстырған жөн. “Бүгінде Қазақстанда UTC+5 және UTC + 6 екі уақыт белдеуі қолданылады.