Үйден шығып кеткен 12 жасар қыз бала трассадан табылды

eb9b5685 5818 4a5c b658 3005a28ec328

Ешкімге айтпай, үйінен кетіп қалған 12 жасар қыз трассадан табылды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Қызды Астана – Петропавл республикалық трассасында Көкшетау қаласына қарай өз көлігімен келе жатқан Дидар Қызыров байқап қалған. 
Жол бойында жалғыз өзі келе жатқандықтан, жағдайын білу үшін жүргізуші көлігін тоқтатады. Әңгіме барысында қыздың Шортанды ауданына қарасты Мықтыкөл ауылында тұратынын білген. Осылайша Дидар есімді жүргузіші қызды Ақкөл қаласындағы ең жақын полиция бөліміне әкеліп тапсырған.

Оны кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспектор Мұрат Бекішев қабылдап, жасөспірімнен үйден кетіп қалу себебін сұраған. Айтуынша, ата-анасы үйде қалдырып кеткеніне ренжіген қыз облыс орталығына жаяу баруға шешім қабылдаған. Ал ата-анасы қызының үйден кеткенін білмейтін болып шыққан. Өйткені өздері Көкшетау қаласына бет алған.

Полиция қызметкерлері жасөспірімнің әкесіне байланысқа шығып, мән-жайды айтқан. Оқиға сәтті аяқталғанына қарамастан, қыздың ата-анасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четырнадцать − 1 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар