ҰБТ-дан 1 балл алған оқушы желінің жұлдызына айналды

ҰБТ-дан 1 балл алған оқушы

TikTok-та Ерасыл Уалиев есімді оқушы өзінің Ұлттық бірыңғай тестілеуден 1 балл алғанын жариялады, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші топ оны өзінің айтуынша “тупойсың” десе, екінші топ “не деген ақылдысың” деген, ал ендігі бір топ “бір ғана сұраққа жауап бергенсің” деп ойларын бөліскен.

Дегенмен 1 балмен антирекорд жасаған оқушы өзінің желідегі жазылушылары қазірдің өзінде мыңнан асқанын айтып, оқырмандарын ертесі күнге жоспарлаған стримге шақырып отыр.

“Айтпақшы, менде стрим ашылыпты. Ертең 8-ден 9-ға дейін стримге кіріңіздер, сұрақтарыңызға жауап беремін”, – дейді Ерасыл.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

7 + 14 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар