459127297 819254170395829 4476078424996248076 nplaceholder

"ҚТЖ" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген “Қазақстан Темір Жолы” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевпен бірге жаңғыртылған теміржол вокзалының жұмысымен танысты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Өткен жылы “ҚТЖ” компаниясының және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 577 млн. теңгеге вокзалдың 1905 және 1969 жылдары салынған екі ғимараты жаңғыртылды. Қасбеті қапталып, кіреберістері ауыстырылды және шатыры жөнделді. Сумен, электрмен жабдықтау, жылыту және өрт дабылы жүйелеріне жөндеу жүргізілді. Ішкі бөлмелер әрленіп, есік-терезелер қалпына келтірілді, плитка төселді. Перрон мен жолаушылар платформасына асфальт төселіп, баспалдақтар мен пандустар монтаждалды. Вокзал маңы және ғимарат іші жарықтандырылды.

Қызылорда вокзалы арқылы 28 пойыз өтеді. Жолаушылар ағыны тәулігіне шамамен 3900 адамды құрайды.

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 + шестнадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар