Түрмедегі азаптаулар жойыла ма?

438160951 2002202393508596 7649389375998338484 n e1715358404355

Бас прокуратураның ҚАЖ мекемелеріндегі азаптауларды жою туралы тапсырмасы облыс прокуратурасының басты назарында, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Түзеу мекелеріндегі азаптаудың алдын алудың негізгі құралы – мекемелерді жаппай бейнебақылау камераларымен жабдықтап, қауіпті аймақтарды жою. Сонымен қатар, “Кезекші прокурор” институтының да жұмысы жанданып келеді. Бұл өз кезегінде мекемелердің қауіпсіздігін сақтауға және денсаулық жағдайына байланысты шағымдардың алдын алуға ықпал етпек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс прокурорының Үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Махмут Ахтанұлы баяндады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мекемелерді жаппай бейнебақылаумен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, осы байланыс құралдары арқылы қашықтан мәлімет алуға қол жеткізу оңтайландырылды. Бұл өз кезегінде жазбаны көру мүмкіндігін 3 айға дейін сақтауға мүмкіндік берді. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, екі мекеме үздіксіз бейнебақылаумен қамтылып, қауіпті аймақтар толығымен жойылды. Сондай-ақ «Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің» Қызылорда облысы бойынша өкілімен жасырын түрде қинау деректеріне қатысты мағлұматтар алынды. Деректерге сүйенсек, түзеу мекемелерінде тәртіпсіздікке жол беру оқиғалары орын алмаған. Сондай-ақ, құзырлы органдар тарапынан рұқсат етілмеген шаралар туралы әрбір өтініш бойынша прокурор оқиға орнына дереу барып, сотталғандарды жеке қабылдап, түсіндірме алуда», – деді МАХМУТ АХТАНҰЛЫ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

6 − один =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар