Жаңа “Өнер орталығының” ашылу салтанатында қазақ өнері мен мәдениетінің алтын қазығы саналатын Сыр өңіріне “ТҮРКСОЙ”-дың “Үздік мәдени өңір” атты сыйлығы табысталды. Сыйлықты халықаралық “ТҮРКСОЙ” ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев тапсырды. Түбі бір түркі халықтарының мәдениетін ынтымақтастықта өркендетуді көздейтін халықаралық ұйымның пырақ бейнеленген арнайы сыйлығын алу – зор мәртебе. Түгел түркіге ортақ Қорқыт бабамыз тыныс тапқан мекендегі дәстүрлі, заманауи өнер мен мәдениет құндылықтарын ілгерілету бастамалары осындай жоғары марапатқа лайық деп танылды. Ерекше атап өтетін жайт, бұл номинация бұған дейін “Нобель” сыйлығының иегеріне және әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергенге берілген.