Баспана алып беремін деп адамдарды алдаған алаяқ қолға түсті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Полицияның жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 32 жастағы елордалық азаматша ұсталды.
Ол «мемлекеттік бағдарламамен жеделдетіп үй алып беремін» деп, сенімді байланыстары бар екенін айтып, адамдардан ақша алған. Жәбірленушілердің бірі 1 миллион 750 мың теңге төлеген. Екіншісі 3 миллион теңгеге алданған. Пәтер алу мәселесі күмәнді бола бастағанда жәбірленушілер полицияға шағымданған.
Қазіргі таңда аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалған.