"Төсекте жатып темекі шеккен": Ер адам өрттен құтқарылды

"Төсекте жатып темекі шеккен": Ер адам өрттен құтқарылдыplaceholder

Ер адам өрттен құтқарылды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Ақмола облысының Ерейментау қаласында жекеменшік тұрғын үй өртенді.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, көршілері үйде адам бар деп хабарлаған. Өртті сөндіруге келгендер үй иесін ес-түссіз күйде тапты.

Өрт аумағы шағын, 4 шаршы метр болады. Ер адам үйден шыға алмай қалған.

“Үйдің жатын бөлмесіндегі өрттің шығу себебін анықтаған кезде, үй иесі ес-түссіз күйде табылды. Сараптама қорытындысы бойынша азамат мас күйінде болған және төсекте жатып темекі шеккен”, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

шестнадцать + двенадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар