Топтық қылмыс: Таразда екі қыз өздерін зорлағандарға тұрмысқа шықты

i 2placeholder

Топтық қылмыс: Таразда екі қыз өздерін зорлағандарға тұрмысқа шықты, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Таразда екі қыз топтық зорлық-зомбылықтың құрбаны болды. Айыпталушылар қатарында үш ер адам болған.

Топтық зорлау оқиғасы 2023 жылдың қазан айында орын алған.

Айыптау нұсқасы бойынша, қыздар туған күндерін бір кафеде атап өткен. Сол жердегі күзетші оларды үйлеріне дейін жеткізіп салуды ұсынған, ал қыздар келіскен. Кейін күзетші үш танысын шақырып, олар қонақ үйге барған, сол жерде қыздар зорлық-зомбылыққа ұшыраған.

Сотталушылар тағылған айыптарды мойындамаған. Олар күш қолданбағанын, бәрі екі жақтың келісімімен болғанын айтқан. Ал жәбірленушілер оларға қысым жасалғанын, бейнежазбаларды жариялаймыз деген қорқытудан кейін ғана келісуге мәжбүр болғандарын мәлімдеді.

Кейін қыздар арыздарынан бас тартып, сотталушыларды бас бостандығынан айырмауды өтінді. Сондай-ақ, олар некеге тұрғандары жөнінде куәліктерін ұсынды.

Алайда сот куәгерлердің сөздеріне, сараптамаларға және басқа да дәлелдерге сүйене отырып, бұл қылмыстың бірнеше адам тарапынан жасалғанын және жәбірленушілердің дәрменсіз жағдайын пайдалану арқылы іске асқанын анықтады. Бұл Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігіне сәйкес сараланған.

Нәтижесінде екі сотталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылса, үшінші адам 5 жылға сотталды. Олар жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Ал күзетші тек куәгер ретінде өткендіктен, жазаға тартылған жоқ.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

десять + 10 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар