Тина Канделаки Қазақстанға кіре алады ма?
ҚР-ның Сыртқы істер министрлігі Тина Канделакидің сөзіне жауап қатты. Ресейлік журналист әлеуметтік желілерде Қазақстанда орыс тілін шеттетеді деп мәлімдеме жасаған болатын, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров Тина Канделакидің сөзіне аса мән бермеуді сұрады. Оның айтуынша көрші, достас елдің азаматтары біздің ел жайлы мүлдем беймәлім. Канделакиді Айбек мырза осында келіп алдымен елдегі жағдаймен танысуға шақырды. Ал тынымсыз Тина Қазақстанға келсе ішке кіре алады ма деген сұраққа өздігінше жауап берді.
– Сіздерге де біреу ұнамаса өз үйіңізге кіргізбейсіздер ғой. Сол сияқты біз де кіргізбейміз. Керек кезде шара қабылданады. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. – дейді АЙБЕК СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ.