TikTok-та заңсыз ойын ұйымдастырған 2 қызылордалық азамат көше сыпыратын болды

TikTok-та заңсыз ойын ұйымдастырған 2 қызылордалық азамат көше сыпыратын болдыplaceholder

Қызылордада әлеуметтік желіде заңсыз ойын ұйымдастырған екі азамат сотталды, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жедел іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде заңсыз ойын ұйымдастырғандарды ұстады.

Күдіктілер 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап ТікТок әлеуметтік желісі арқылы желі қолданушылары арасында “Зарик” заңсыз құмар ойынын ойнатқан. Бәс тігу мөлшері 3 000 теңге және одан жоғары сомада болған. Қаржыны күдіктінің бірі өзінің қылмыстық ойынан бейхабар әкесі мен анасы, әйелінің есепшотына қабылдап отырған. 

“Сотталушылар 2023 жылғы 1 қыркүйек пен 2024 жылғы 28 мамыр аралығында 12 031 371 теңге iрi мөлшерде табыс тапқан. Тергеу барысында күдіктінің бірінің үйіне тінту барысында 5 ұялы телефон, 1 калькулятор, үстел бетінен ойыншылардың тізімі және аккаунттар жазылған парақтар табылды. Сондай-ақ TikTok жазуы бар 2 қауашақ, ойын картасын тарату аппараты және өзге де заттар тәркіленді. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін екі адамның Қылмыстық кодекстің 307-бабы 2-бөлігі 2, 3-тармағымен мүлкін тәркілеусіз 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығы шектеліп, 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды”, — деп мәлім етті ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

восемнадцать + 12 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар