462680050 2114892788906222 3999605743715164782 nplaceholder

Тереңөзектегі түлеген тіршілік

Абаттандыру, қайта жаңғырту, жөндеу… Қысқасы, тындырымды тірліктің бәрі Тереңөзекте болып жатыр, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған пресс-тур барысында Сырдария ауданының орталығындағы жағымды жаңалықтармен танысып, бірнеше орынның құрылысына да куә болдық. Мәселен, А.Иманов көшесінің бойында салынып жатқан “Жастар” аллеясы аудандық бюджеттің қаражаты есебінен жүргізілуде. Жоба қолданысқа берілген соң кенттің ең көрікті орнының біріне айналмақ. Одан бөлек, жергілікті белсенді жастардың көмегімен аллеяны көркейту-көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылса, түрлі көңілді кештер де дәл осы жерде өтетін болады,- дейді кент әкімі.

– Облыс әкімінің қолдауымен Тереңөзек кентінде абаттандырудан бөлек, жаяу жүргіншілер жолдары салынып, көпқабатты тұрғын үйлер де күрделі жөндеуден өтіп жатыр. “Тағзым” алаңында да қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл бір жағынан тұрғындарға демалыс орны болсын деген ниетпен де жасап жатырмыз. Балаларға арналған ойын алаңы да дәл осы жерге салынатын болады. Айта кету керек, Тереңөзек кентінде 9 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салуға қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта 6 көшенің жүмыстары толық басталды. Ең алдымен әлеуметтік нысандар орналасқан көшелер қамтылды. Бұл жұмыстары келесі жылы да жүзеге асатын болады. Ал көпқабатты тұрғын үйлердің аула аумақтарын қайта жаңғырту жобасы бойынша да қазір бірнеше жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде А.Иманов көшесінде орналасқан 6 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтуде,- деді Тереңөзек кентінің әкімі Ержан Бақтияров.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

три × 1 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар