463435358 959785016187135 6319086093418009617 nplaceholder

«Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС нысандарына баспасөз туры өтті

Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бекітілген инвестициялық бағдарламаның нысандарын аралап, баспасөз турын өткізді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Оған департамент өкілдері, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы, БАҚ өкілі қатысты.

Алдымен баспасөз турына қатысушылар су қыспақты мұнараға барып, көлемі 120 м3 су мұнарасының резервуарын қайта жаңарту, вокзал жанындағы темір жолдардың астымен сумен жабдықтау желілерін қайта құру жұмыстарының бастамасымен танысты.

Жалпы «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС-ның сумен жабдықтау қызметі бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылады.

Былтыр облыс бойынша департамент өкілдерімен бірге партиялық бақылау комиссиясы жанынан құрылған мониторинг топ мүшелері аталмыш мекеменің қайта құрып және жаңғыртылған нысандарына мониторинг жүргізген болатын. Сол кезде су тарату құбырларының негізгі қорының ескіруінен апаттық жағдайлар қаупі жоғарылағанын байқады. Бұл өз кезегінде теміржол вокзалына жақын орналасқан 68 мыңға жуық тұрғындар ауыз сусыз қалуына әкелуі мүмкін еді.

Бұған дейін су құбырларын салу, ескілерін жаңарту мәселелері жиі талқыланғанымен, қаражаттың шешілмеуінен мәселе шешімін таппаған. Ауыз су сапасын жақсарту үшін тозығы жеткен су тарату желілерінің жаңарту мәселесі бірінші кезекке қойылуды алға тартып жылма-жыл су құбырларын жаңарту, су жинағыш мұнараларды, су тартқыш насостарды күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету сұралған болатын.

Серіктестіктің активтерін жаңалау, қолдау, қайта жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру мақсатында Департамент Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасымен бірлесіп «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС-на кәсіпорынның өз қаражаты есебінен 2021-2026 жылдарға инвестициялық бағдарламасын жалпы сомасы 96587,775 мың теңгеге бекітті.

Инвестициялық бағдарламада негізгі құралдарды жаңарту және қайта құру, желілердегі авариялар деңгейін төмендету және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру шаралары қарастырылған.

2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламаға сәйкес Қызылорда стансасындағы ұзындығы 182 метр темір жол астындағы (вокзал маңы) су құбыры желісін қайта жаңарту және жаңғыртуға 16 766 896 мың теңге бөлінді.

Инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін желілердің тозуы 4,55 пайызға төмендеді (62,14 пайыздан 57,6 пайызға) және қызмет көрсету сапасы жақсартылды.

2024 жылға арналған инвестициялық бағдарлама шеңберінде кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жалпы сомасы 24 570,4 мың теңгеге екі сумен жабдықтау нысанын қайта жаңарту және жаңғырту бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарлануда.

Жалпы алғанда, инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған барлық іс-шаралар жұмыстың тиімділігі мен сенімділігін арттырады, эксплуатациялық шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

10 + десять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар