464330669 3745063482427049 8295224430863040518 nplaceholder

«Театр... Өмір... Сахна...» атты еске алу кеші өтті

Биыл КСРО және ҚазКСР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сәбира Майқанованың туғанына 110 жыл толды. Осыған орай, бүгін С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Театр… Өмір… Сахна…» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

«Сырдың сұлу сары алтыны Сәбира» атты документалды фильмінен бастау алған салтанатты шара «Мәңгі өлмейтін театрдың тарланы» атты Шыңғыс Айтматовтың «Ана –Жер Ана» қойылымымен жалғасты.

Ұлттық театрдың дамуына сүбелі үлес қосып, рухты өнері және биік азаматтық болмысымен «театрдың анасы» атанған аса көрнекті актриса Сабира Майқанованың рухына арналып Қызылорда қаласы әкімінің ықылас гүлі тарту етілді.

Еске алу кешінде қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев өнерпаз тұлғаның қазақ өнеріндегі орны ерекше екеніне тоқталып өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Хұсейін Әмір-Темір Қызылорда Облысы Мәдениет басқармасының басшысы Мира Қазбекованың құттықтауын табыс етті.

Сәбира Майқанованың қызы, медицина ғылымдарының докторы Әбдірашитова Гүлдар Әбділқызы және Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің кавалері, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының актерлік-шеберлік және режиссура кафедрасының педагогі, профессор Машурова Рахилям Абрахманқызы тағылымды естеліктер айтты.

Кештің өн бойында актриса жайлы өлеңдер оқылып, ана туралы жүрек тебірентер әндер шырқалды, деректі фильмдер көрсетілді.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 × 4 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар