518294352 2082170732313375 6288767713633273181 nplaceholder

Тазалық - әр азаматтың жауапкершілігі

Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аумақты абаттандыру және санитариялық тазалыққа қатысты рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қызылорда облыстық мәслихатының №112 шешімімен бекітілген абаттандыру қағидалары барлық тұрғындар мен мекемелер үшін міндетті. Онда көшелер мен аулаларды таза ұстау, ғимараттардың қасбеттерін ретке келтіру, рұқсатсыз қоқыс төкпеу, қалдықтарды арнайы орындарға шығару және санитариялық талаптарды сақтау нақты көрсетілген.
 
Рейд барысында тиісті сала мамандары мен жергілікті полиция қызметкерлері тазалық талаптарының орындалуын тексеріп, анықталған заңбұзушылықтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жеке және заңды тұлғаларға ескертулер беріліп, талаптарды сақтамаған жағдайда жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.
 
Абаттандыру мен тазалықты сақтау – тек мемлекеттік мекемелердің емес, әрбір тұрғынның азаматтық борышы екенін тағы да еске саламыз.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

11 − десять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар