518270371 2085403438656771 5617346519185595144 nplaceholder

Тазалық басты назарда

«Таза Қазақстан» акциясын іске асыру аясында Шиелі ауданында санитариялық тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету бағытында күшейтілген жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Осы мақсатта аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік инспекторлары мен жергілікті атқарушы орган өкілдері бірлесіп, күнделікті рейдтер ұйымдастыруда.
 
 Рейд барысында тұрмыстық қалдықтарды рұқсатсыз, белгіленбеген орындарға төгу, абаттандыру қағидаларын бұзу сынды құқықбұзушылықтар анықталып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
 
 Тазалық – ортақ жауапкершілік. Сондықтан әрбір тұрғынның өз ауласын, көше бойын таза ұстауы – ел игілігіне қосылған үлес.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

одиннадцать − 7 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар