517572081 2082715252258923 6739241453268823183 nplaceholder

Таза Қазақстан – таза аудан

Бүгін Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Сенбілік барысында аудан орталығы мен барлық ауылдық округтерде көшелер, қоғамдық орындар, саябақтар мен арық-атыздар тазаланып, арам шөптер жұлынды, рұқсатсыз төгілген қоқыстар жиналып, арнайы орындарға шығарылды.
Тазалық жұмыстарына аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер, мекеме қызметкерлері, еріктілер, жастар ұйымдары мен ауыл тұрғындары біркісідей жұмылып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Тазалық акциясы – тек сенбілік шарасы ғана емес, қоршаған ортаны қорғауға, санитариялық талаптарды сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған игі бастама.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

6 + семнадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар