530248824 2105398046657310 6691307596916125124 nplaceholder

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шиеліде сенбілік өтті

Бүгін Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында үлкен сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Сенбілік аясында ауданымыздың барлық кент және ауылдық округтері, дербес бөлімдер, ардагерлер, жастар қатысып, санитарлық тазалық жұмыстарың жүргізуде, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қалдықтарды жинап, аумақтарды тазартты.
 
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков сенбілікке қатысушыларға алғысын білдіріп, бұл сенбілік жұмыстары Шиелі ауданының табиғаты мен айналасын қорғауға, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға оң әсер ететінін айтты.
 
Қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті арттыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Мұндай сенбіліктер ауданымыздың тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсартуға үлкен ықпал етеді.
 
Айта кетейік, ауданымызда тазалық, көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

13 − 6 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар