Тасқынға дайын емес. Қала әкімі сылбыр жұмысы үшін жазаланды

WhatsApp Image 2024 03 27 at 12.57.03 PM

Бірнеше тұрғын үй мен әкімдік ғимаратын тасқын су басқаны үшін қала әкіміне қатаң сөгіс берілді, деп хабарлайды “Азаттық-Ньюс” Ақпараттық агенттігі.

WhatsApp Image 2024 03 27 at 12.57.03 PM 1

Орал қаласында жауын суы бірнеше тұрғын үйге жайылған. Одан бөлек қала әкімдігі ғимаратының жертөлесін де тасқын су басып қалған.

800x450

Соған байланысты Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жауапты ведомство басшыларын жинады. Ал табиғаттың тосын жағдайына дайын болмаған қала әкімі Миржан Сатқановқа тәртіптік шарамен жазалады.

-Су тасқынына дайын болмағансыңдар. Қала әкімдігі ғимаратының өзі суға кеткен. Бұның бәрі жауапкершіліктің жоқтығын білдіреді. Кеше, және бүгін қаланы аралап жүрмін, кейбір шағын аудандарда мен келгенде ғана жұмыс басталып жатты. Орал қаласы әкіміне қатаң сөгіс жариялаймын. Сондай-ақ бірқатар әлеуметтік нысандарға су кірген. Қала мен аудандар күшейтілген режимде жұмыс істеулері керек. Жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстаңдар -деді облыс әкімі.

Айта кетейік, қазір еріген қар мен жаңбыр суының салдарынан халықаралық тас жолдың БҚО-ға қарасты бөлігіні тасқын басты.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 + девятнадцать =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар