Тапсырмалардың орындалуы талқыланды

Жазира Бағланқызы
1 Min Read
451512747 784133733907873 4945506402441991164 nplaceholder

Тапсырмалардың орындалуы талқыланды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте елді мекендерді абаттандыру, дамыту, тапсырмалардың орындалуы талқыланды, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Аймақ басшысы барлық елді мекеннің санитарлық тазалығына зерделеу жүргізілетінін ескертті.

«Әкімшілік аумақтағы барлық елді мекеннің санитарлық тазалығын қатаң бақылауға алып, тұрақты түрде көркейту-көгалдандыру, әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізіңіздер. Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері жол бойындағы ой, шұңқыр, жол белгілерінің барлығын қарап шығып, кемшіліктер болған жағдайда шұғыл қалпына келтіріңіздер. Барлық басқарма, аумақтық департаменттер, республикалық мекемелердің облыстағы филиалдары ортақ іске жұмылдырылуы қажет. Облыс әкімінің орынбасарлары, қала әкімдігі бұған дейінгі бөлініс бойынша барлық сектордағы тазалықты қадағалап, тиісті жұмыстардың атқарылуын қамтамасыз етіңіздер», – деді НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ.

Облыс әкімі аппаратына күнделікті зерделеуді әрі қарай жалғастырып, анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша ұсыныс беру тапсырылды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

5 × 3 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар

Бұл мақаламен бөлісу
Пікір қалдыру