Қостанайда түзету балабақшасының қызметкерлері балаларды ұрып-соққан, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Қостанай қаласындағы жекеменшік түзету орталығы «Аманат и К» балабақшасында балаларға зорлық-зомбылық көрсетілгені анықталды.
Ата-аналардың айтуынша, балабақшада балалар аш жүрген, оларға дұрыс күтім көрсетілмеген. Одан бөлек, тәрбиешілердің балаларға қол көтергені белгілі болды. Кейбір бүлдіршіндердің денесінде көгерген іздер байқалған. Медициналық тексеру нәтижесінде бірнеше балада ми шайқалуы мен жабық бас-ми жарақаты анықталған.
Облыстық Полиция департаменті бұл фактіге байланысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.