gluster 2023 7 10 da6981c52be86e53f656c7e23ca77b78 original.112085placeholder

Тұтыну мен төлем

Ауыз суды тиімді пайдалануды қадағалауға, су пайдалану ережелерін сақтауға байланысты су мамандары тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл қадам су тұтынушы тұрғындардың жауапкершілігі мен міндеттерін нығайтуды көздейді.

Рейд шарасы қаланың сол жағалау ауданындағы №4 квартал аумағын қамтыды. Мұнда су есептегіш құралдары қойылмауы салдарынан суды есепсіз пайдалану дерегі анықталды.

Ауыз су пайдалану тәртібін қорғауға байланысты Сол жағалау, 59а, №4 квартал, 4 үйлерге су өлшеуіш құралы орнатылса, №4 квартал, 13, 6 үйлер бойынша тексеру актісі жазылып, қайта есептеме жүргізілді.

Ал алдын ала жасалған ескертуді орындамауына орай №4 квартал, 6 үй орталықтандырылған су жүйесінен ажыратылды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

девятнадцать + 3 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар