535935514 4017040481896013 3922506095474955804 nplaceholder

Түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

Қала бойынша заңсыз орналастырылған жарнамаларға қатысты рейд жұмысы жалғасуда. Бүгін қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерімен ескі базар аумағында сауда жасаушы кәсіпкерлерге заңсыз жарнама орналастыруға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Баршаға белгілі, базар тұтынушысы көп сауда нысаны. Осындай қалың ортада санитарлық тазалықты, жарнаманы ретке келтіру керек. Базар бейғамдықты, бейберекетті, алқам-салқамды сүймейді. Мұны әрбір сауда жасаушы ескеріп, олпы-солпы жарнамаға жол бермеуі қажет.

Яғни, кәсіпкер жарнаманы орнатпас бұрын, оны заңдастыру үшін уәкілетті органға хабарлама жіберуі тиіс. Сонымен қатар, ҚР Салық кодексінің 603-бабы, 1-тармағына сәйкес, жарнамалық-ақпараттық нысан орналастырылған орын үшін тиісті мөлшерде төлем жасау міндеттеледі.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 × 3 =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар