2023 05 11 skrinshot 11 05 2023 223942placeholder

Түркістан облысында сор шаю жұмыстары аяқталды

Түркістан облысының «Қазсушар» филиалы 134 мың гектардан астам жерде сор шаю жұмыстарын аяқтады. Аталған жұмыстар облыстың үш ауданында: Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарында өтті.

Сор шаю жұмыстары жыл сайын егіс алқаптарында ылғал көлемін ұлғайту, топырақтың құнарлығын арттыру және ауыл шаруашылығы өнімділігін жақсарту үшін жүргізіледі.

«Ауыл шаруашылығы алқаптарына уақытылы және тұрақты су берудің нәтижесінде өңірдің шаруа қожалықтары жақсы өнім алуда. Біздің филиал жергілікті шаруаларды суармалы сумен қамту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Кейбір дихандар алғашқы өнімдерін жинап, ішкі нарықта сатуға және экспортқа жіберіп жатыр», – деді Түркістан облысының «Қазсушар» филиалының директоры Қазыбек Бедебаев.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

двенадцать − шесть =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар