455926732 2068367380225430 2366548223304345700 nplaceholder

Түркі әлемі көз тіккен байрақты бәсеке

Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары – этникалық, дәстүрлі спорт түрлері бойынша халықаралық жарыс. 2024 жылдың 8-14 қыркүйек аралығында Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Оған жүзден астам мемлекеттен 4 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Бұған дейін бұл ойын 2014, 2016 және 2018 жылдары Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында, 2022 жылы Түркияның Изник шаһарында төртінші Дүниежүзілік ойындар ұйымдастырылған болатын. Ал биыл тұңғыш рет Қазақстанда байрағын көтермек. Түркі әлемінің назарындағы байрақты бәсеке жайында облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшының орынбасары Жігер Айекешов кеңінен баяндап берді.

– Дүбірлі додада облысымыз бойынша 7 спортшы ел намысын қорғайды. Оның ішінде: Корештен (татар ұлттық күресі) 2 спортшы, тоғызқұмалақтан 1 спортшымыз бар, ал қалған көкпар және жамбы атудан 4 спортшымыз іріктеу кезеңінен өтіп жатыр. 5-ші ДКО жалпы 2 жоба аясында іске асырылады. Олар «Бірлік керуені» және «Этноауыл» жобалары болып табылады. «Бірлік керуені» 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсімінің негізгі қасиетті элементі ретінде суды пайдалану дәстүрін жалғастырады. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған Су ойындардың ашылу күні Тайқазанда құйылып, бірліктің басты символына айналды. Ал су алу рәсімі өңірімізде қасиетті жер саналатын Сауысқандық шатқалында өткізіледі. Аталған жерде су алу іс-шарасы өткізіліп, батырымыз арнайы торсықпен су алатын болады. Астана қаласында 5-ДКО алаңында Қызылорда облысына бекітілген арнайы жер бар, ол жерге облыс атынан 3 киіз құрылады. 1-ші киіз үйде еліміздің салт-дәстүрлері, 2-ші киіз үйде өңіріміздің мұражайы және 3 киіз үйде облыстың жетістіктері көрсетілетін болады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік саласы бойынша қолөнершілердің көрме-жәрмеңкесі, құрақ-көрпелер және жергілікті кәсіпкерлер өз бұйымдарын паш ететін болады, – деді Жігер Оңдасынұлы.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один × пять =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар