463396969 957528189746151 3492147164400591302 nplaceholder

Тұрғындардың өтінішін тыңдады

Бүгін облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мұсаева Гүлшат Исақызы партия алаңында кестеге сай қабылдау өткізді, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік қолдау шаралары, денсаулық сақтау саласы, жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарының сапасын бақылау және балалар ойын алаңдарын салу сынды тақырыптарда өтініштері мен ұсыныстарын білдірді.

Фракция мүшесі әлеуметтік мәселенің шешілу жолдарын құзырлы мекемелермен талқылап, көмек көрсету заңдылықтарын түсіндірді. Нәтижесінде қала тұрғынына бір реттік көмек көрсетілді.

Сәулет мөлтек ауданында ойын алаңдарын салу тақырыбы бойынша тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ойын алаңын салу мүмкіндіктері қаралатыны айтылды.

Қала тұрғынының медициналық мекеменің қызмет көрсету сапасына қатысты пікірін ескеріп, мекеме басшылығына хабарласып, мәселені оңтайлы шешу бойынша ұсыныс білдірілді.

Сол жағалауда құрылысы басталған орталық стадионның құрылыс сапасына қатысты партия филиалы тарапынан бақылау жүргізілетіні түсіндірілді.

Тұрғындарға партия филиалы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар түсіндіріліп, алдағы уақытқа жоспарлар жайлы айтылды.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

20 + три =

АЙДАРЛАР

Басқа да мақалалар