Қала тұрғындарын жайлы баспанамен қамтамасыз ету мақсатында шаһарда тұрғын үй құрылысы қарқын алған, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.
Бұл жұмыстарға аймақ басшысының тікелей қолдауымен 20 млрд. теңге бөлінді.
Биыл қалада 3 911 пәтерлі 74 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 3 139 пәтерлі 58 тұрғын үйі бюджет есебінен, ал 772 пәтерлі 16 тұрғын үй жеке инвестициялар есебінен салынуда.
Өткен жылы тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында өңірімізде алғаш рет Сол жағалау тұрғын ауданынан 504 пәтерді құрайтын 7 қабатты 6 тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Жыл соңына дейін 7 қабатты 840 пәтерлі 10 үйдің жоба-сметалық құжаттары және сараптама қорытындысын алу күтілуде.
Жалпы, қалада жыл басынан бері 1323 пәтер табысталды. Жыл аяғына дейін 1390 пәтер пайдалануға беріледі.